Menu

Оқуға түсе алмау – өмірдің соңы емес

Ал түспесең, сен үшін алдың жар, артың құз – бәрі бітті. Қоғамға еш қажетің жоқ, өмірдегі ең жексұрын адамның бірісің. Бұл бәрінен бұрын алдымен ата-аналардың бала тәрбиесіндегі үлкен қателігі.

Об этом сообщает Russiangate

Кім айтты оқуға түскеннің бәрі озат деп? Кім айтты оқымағанның бәрі топас деп?

Әлбетте, оқу керек! Жастайыңнан білім мен еңбекке құмар боп өсуің керек! Бірақ, тағдырың оқуға түсу-түспеумен шешіледі деген заңдылық еш жерде жазылмаған. Бұл – өміріңде кездесетін мыңдаған сәтсіздіктің алғашқысы ғана. Соған бола өміріңнен теріс айналсаң, кім болғаның?


Оқи отырыңыз: Білім беру грантын тағайындаудағы өзгерістер. Талапкер білуі тиіс негізгі 10 сұраққа жауап


Біле білсеңіз, білім саласындағы мемлекеттік грант әлемнің көптеген елдерінде мүлдем жоқ. Олар тегін оқуға түсуге емес, ақылы білім алу үшін балл жинауға жанын салады.

Оқу бітіріп алып сандалып жүргендерде сан жоқ. Олар үшін бұл тек 4 жыл уақытын ұрлатқан бір кезең ғана. Уақытша "демалыс". Өмірмен шын айқасатын кез оларға осы 4 жылдан кейін басталады.

Оқыған мамандығымен емес, айналып келіп өзінің күш-жігері, жан қалауымен еңбек етіп, берекелі тұрмыс кешіп жатқандар қаншама?


Оқи отырыңыз: 132 мың үміткер – 54 мың грант. Биылғы түлектер ҰБТ-дан сүрінбей өтуі үшін нені білуі тиіс?


Оқуға түстің, болды емес. Оны оқуың керек. Егер мектепте бойыңа білім нәрін сіңірмеген болсаң, тегін оқуға түстім деп мәз болмай-ақ қой. Сен үшін грантпен оқу өзіңнің уақытыңды, ал мемлекеттің ақшасын жеу ғана.

Мейлі, оқуға түс, түспе, бастысы алысты көре біл, сәтсіздіктен қорықпа. Тәуекелшілдікте батыр бол, басқаның көп пайдасына жара. Өмірден көп тәжірибе жина. Біреуден көңілің қалып та көрсін. Алданып та, қысым мен қыспақ көр. Басыңды тауға да соқ, тасқа да. Қатаясың. Еңбектің қазанына түс. Пісесің. Сонда ғана мықты боп аяқтан тұрып кетесің. Берекенің көзін тауып, дүниенің қадіріне жетесің. Былайша айтқанда өз жолыңды табасың.

Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.



Источник: “https://informburo.kz/pikir/ertay-nusipzhanov/oua-tse-almau-mrd-soy-emes.html”